Әншілердің лотереясына сеніп миллиондаған қаржымыздан айырылдық деген азаматтар шағымын айтты. Олар Ақбота Керімбекова мен Роза Әлқожаны кіналайды.

Бұл туралы “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасында айтылды.

 

“Алаяқтардың бәрі қашып жүр. Соларды ұйымдастырған Ақбота мен Роза Әлқожа да  түк болмағандай жүр”, – деді шағым айтушы.

Тіпті лотерея ойнатқандардың кейбірі лауазымды қызметке тағайындалды. 

Әншілердің ықпалымен қылмыстық іс жылы жабылатын түрі бар деген адвокат енді не істемек?

Әншілерге қатысты ешқандай іс қозғамай бұрмалауға салатын болса, біз Ақорданың алдына да барамыз дейді жәбірленушілер. 

Әншілердің абыройына сеніп, үміт артқан 40 адам алданып қалдық деп отыр. Бұл 10 мың теңгелік билет үшін емес, 300 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін ақша құйғандар. Оның бәрі екі әншінің жарнамасына иланғандар. 

Еркінбек есімді азамат Ақбота Керімбекова ұйымдастырған ойынға 300 мың теңге салған. Үстіне 150 мың теңге көрмек болыпты. 

Кейін Еркінбек әншінің үстінен арыз түсірді. Алайда іс қозғалмады деп налыды.

“9 ай болды құзырлы органдар ешнәрсе жасамады. Ешқандай жауап алынбаған. Тергеу де жүргізілмеді. Алаяқтар қашып жүр”, – деді ол.

Егер іс созыла беретін болса арызданушылар Ақорда алдына митингіге шықпақ. 

“Халық ашулы. Іс насырға шаппай тұрғанда тергеу жүргізіп, істі сотқа беруін сұраймыз. Арызданушылар саны көп болса да іс қозғалмаған. Бұлай созылса, соңы қиын болады”, – деді адвокат Тілеужан Кішкенебаев.

Айта кетейік, әншінің атағына сеніп, абыройына үміт артқан қарабайыр қазақ алданып қалды. Бұл жолы 10 мың теңгелік лотореяға емес, 300 мың теңгеден 5 миллионға дейін баратын инвестицияға алданды. Осылайша Ақбота Керімбекова мен Роза Әлқожаның жарнамасына иланған жұрт миллиондарынан айырылғанын айтқан еді.

Рубрика: