Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі мен күйеу баласы Дархан Нортаев ата-анасына коттедж сыйлады. Зәулім үй Нұр-Сұлтан қаласының орталығында орналасқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Бұл қуанышты жаңалығымен Фаризаның өзі Instagram парақшасында бөлісті. Ерлі-зайыпты Таразда тұратын ата-анасын енді елордаға көшіріп алмақ.

Олар қаланың төрінен зәулім үй сатып алған. Жас жұбайлар ата-анасын қуантып, оларға жаңа коттедждің кілтін табыстаған сәтін де көрсеткен. Олар өмірлеріндегі аса маңызды күндерінен желіде видео жариялады.

“Ата-анамызға Астананың төрінен коттедж сыйладық! Біз үшін үнемі дұғасын тілеп, бағып-қағу үшін бар өмірін арнаған жанашырларымыз! Ата-анамыздың разылығынан артық бақыт бар ма?

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Fariza Toreali (@farizatoreali)

Жанымызда болсын, жағдайларын жасайық деген мақсатпен Астананың орталығынан жер үй алдық, осы жылғы басты мақсатымызға Алла қалауымен жеттік! Жаным жай тауып, ерекше сезімге бөленіп отырмын. Ата-анамызға біздің амандығымыздан артық ештеңе де керегі жоқ, десе де олардың разылығына жету – біздің міндет! Осы өмірде Алла разылығын көздеген адам – екі дүниенің бақытын тауып ғана қоймай, тура жолда болмақ. Сіздер бар жақсылыққа лайықтысыздар, Дархан екеуіміз бәрін жасаймыз! Тек аман болыңыздар”, – деп жазды Фариза.

 

kaz.nur.kz

 

Рубрика: