АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тоқтамастан ләңгі тепкен қазақ әйелі көпшілікті аузына қаратты [:]

[:kz]

Әлеуметтік желіде ләңгі ойнап, өзгелерді аузына қаратқан әйел адамның видеосы тарап кетті. Ер адамдарды басып озған келіншектің видеосын отандық әнші Мұқасан ШахзадаевInstagram парақшасына жүктеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

 

Видеодан әйелдің ләңгіні жерге түсірместен, 31 рет тепкенін байқауға болады. Ал сайысты тамашалауға келгендер бар дауысымен айқайлап, санап тұрған.

Айта кетейік, бұл видео желі қолданушыларын да бей-жай қалдырмаған.

«Жарайсыз», «Бұл ойынды бала кезден ойнайтынбыз. Ұл немесе қыз деп бөлінбеппіз», «Мына келіншек жарады», «Өткен шаққа бір сәт қайта оралғандай болдық», «Бұл ойынды ойнап көрмегендер түсінбейді».

«Керемет», «Ұяттан басқа білетіндерің бар ма?», «Мұндай қылып ойнау қолдарыңнан келмейді ғой», «Бұрын бізбен қыздар да жарысып ойнайтын. Бұл кісі үлкен әйел болғасын ерсі көрініп тұрған шығар» деп пікір білдірді желідегілер.

Айта кетейік, видеоның еліміздің қай өңірінен түсірілгені белгісіз.

[:]