АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тоқаев жұмыс сапарымен Талдықорған қаласына келді[:]

[:kz]

 

 

Фото: mygorod.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен мен Талдықорған қаласына келді деп хабарлайды президенттің баспасөз хатшысы Facebook парақшасында.

Жұмыс сапары барысында президент Алматы облысындағы бірқатар өндірістік, әлеуметтік және мәдени нысандарды аралайды деп күтілуде.

Өңірдің жұртшылық өкілдерімен, кәсіпкерлерімен кездесу, сондай-ақ, көктемгі егістік жұмыстарының барысымен танысу жоспарланған.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысады.

[:]