АЛТЫНОРДА
Ақорда жаңалықтары

[:kz]Тоқаев Путиннен тағы да бас тартты: «Қазақстан ЕО-пен орнықты байланысты дамытқысы келеді «[:]

[:kz]

 

Мемлекет басшысы Еуропа одағының президенті Шарль Мишельмен келіссөздер барысында ЕО-ны басты серіктес деп атап, сауда айналымын арттыру жайын талқылады. Осылайша, Тоқаев іс жүзінде Ресеймен бірге «Батысқа қарсы экономикалық соғысқа» қатысудан тағы да бас тартты, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы. 

Тоқаев Еуропа одағының президентімен өңірдегі жағдайды және азық-түлік дағдарысының күрделене түскенін талқылады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі саналатын Еуропа одағымен орнықты байланысты дамытуға бейілді екеніне назар аударды»,- делінген ресми хабарламада.

Президент сондай-ақ халықаралық ахуалды жақсарту, ең өзекті деген мәселелер бойынша сенімді диалог орнату үшін күш біріктірудің маңызды екенін мәлімдеді.

«Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағын балама трансқұрлықтық дәліздерді, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын  дамыту ісінде ынтымақтастық орнатуға шақырды. Президент әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікке төнетін қатерге алаңдайтынын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстан әлем және Еуропа нарығындағы ахуалды тұрақтандыру үшін өзінің көмірсутегі әлеуетін пайдалануға дайын», — делінген Ақорданың баспасөз хабарламасында.

«Адырна» ұлттық порталы 

[:]