25 июля, 2019 Comments Off on Тоқаев пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасау мәселесін шешуді тапсырды

Тоқаев пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасау мәселесін шешуді тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасау проблемасын шешуді тапсырды. Бұл туралы ол Twitter-дегі жеке парақшасында жазды.

"Үкіметке жаз мезгілінде пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтату туралы тапсырма бердім. Бұл жағдай азаматтарымызға қолайсыздық туғызып, еліміздегі ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр", - деп жазды мемлекет басшысы.

Өткен жылдың жазында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (қазір бұл екі бөлек агенттік – Sputnik) құпия сатып алушылары неліктен билет кассаларында жол жүру құжаттарын сатып алу мүмкін емес екенін анықтау үшін теміржол билеттерін делдалдардан сатып алған болатын.

Қолдағы билеттер көбінесе 50% -ға қымбат болатыны белгілі болды, әсіресе адамдар жиі қатынайтын бағыттарда баға екі есеге дейін өсуі мүмкін. Негізінен алыпсатарлар – жеке тұлғалар.

 

Загрузка...

Комментирование закрыто.