АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тоқаев мешітке барып, дұға жасады — фото [:]

[:kz]

Қазақстан президенті Ораза айт мейрамында мешітке бардыҚазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт мерекесінде «Нұр Астана» мешіті мен «Астана» медресе колледжіне барды, деп хабарлайды Ақорда.

Президент медресенің жұмысымен танысып, оқу процесі мен материалдық-техникалық база жоғары деңгейде екенін айтты.

Президент Казахстана посетил мечеть Нур Астана
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт мерекесінде «Нұр Астана» мешіті мен «Астана» медресе колледжіне барды.
Студенттермен әңгімелескен кезде, Тоқаев оқу және жатын орындарының жағдайын сұрады. Мемлекет басшысы мұндай оқу орнында оқитын шәкірттер ынталы әрі тәрбиелі болуы керектігін атап өтті.

«Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын. Аспанымыз ашық, жақсылықтар мол болсын, бақ-береке тілеймін. Келесі Рамазан айына басымыз аман, бауырымыз бүтін, халқымыздың төрт құбыласы түгел жетуге нәсіп етсін. Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! – деп тіледі Тоқаев.

Қазақстан президенті еліміздің игілігі үшін дұға жасады.

sputniknews.kz

[:]