Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалдың өршуіне денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығын кінәлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

“Карантин бастала салысымен, біз оның мемлекетімізде таралып кетпеуі үшін тиісті шаралар қабылдаған болатынбыз. Бұл біраз адамның өмірін сақтап қалды. Бірақ өкінішке орай, халықтың карантинді елемеуінен және денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығыныңәкімдердің жауапсыздығының кесірінен коронавирустың екінші толқынымен қоса пневмонияның өршуімен бетпе-бет келдік. Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап елімізде екі апталық мерзімге карантин шаралары енгізілді. Айтылған мәселе бойынша біз тергеу жүргіземіз және бұл жағдайдан сабақ аламыз. Шенеуніктердің жіберген қателіктеріне тиісті баға береміз”, – деді Тоқаев.

 

“Әр қазақ – менің жалғызым”: Тоқаев 13 шілдені ұлттық аза тұту күні деп жариялады

Рубрика: