АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тоқаев: Ант қабылдау рәсімі 12 маусымда өтеді[:]

[:kz]

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдау рәсімі 12 маусымда өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Егер ОСК сайлау нәтижесін шығарып үлгерсе, 12 маусымда ұлықтау рәсімін өткізуді жоспарлап отырмыз», — дейді Тоқаев. 

Естеріңізге сала кетейік,Қазақстан Президентін сайлау кеше, 9-маусымда өткен болатын. Exit-poll нәтижелеріне сәйкес, «Нұр Отан» партиясының атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаев 70% көрсеткішпен жеңіске жетті. Артынша ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады. Оның нәтижесі бойынша, Тоқаев 70,76% дауыс жинады. Яғни, оған 6 504 054 қазақстандық дауыс берді.

 Stan.kz 

 

[:]