16 сентября, 2019 Comments Off on Тойда кездесіп қалған мүлдем байланысы жоқ егіздер ішек-сілесі қатқанша күлді (видео)

Тойда кездесіп қалған мүлдем байланысы жоқ егіздер ішек-сілесі қатқанша күлді (видео)

Малайзияның Селангор штатында 29 жастағы Эзли Йозоф күтпеген жерден өзінен аумайтын сыңарын кездестірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Барлығы суретке түсіп жатқан кезде Йозофтың досы Амир Зульфадли Зулькифли екі ер адамның бір-біріне қатты ұқсайтынын байқап қалады. Олардың дене бітімі ғана емес, сол күні тойға киіп келген киімдері де ұқсайтын болып шығады: қызыл поло, әйнегі қара көзілдірік және екеуі де таз. 

Зулкифли түсірген видеодан Йозоф пен оның сыңарының бір-бірін байқап, күліп жіберген сәтін көруге болады. Олар бұл кездесуге қатты таңғалғанын жасырмады. Сондай-ақ, тағы бір кездесу өткізіп, бірге суретке түсуге уәделесті. 

Йозоф – күйеу жігіттің бала күнгі досы, ал оның сыңары – жас жұбайдың әріптесі. 

Stan.kz 

Загрузка...

Комментирование закрыто.