АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тікелей эфир кезінде Аша Матайға ән арнаған жолдасы елді тәнті етті (видео) [:]

[:kz]

Картинки по запросу аша матай

«Mysterions» тобының әншісі Арман Қоңырбаев жары Аша Матайға тікелей эфир кезінде ән арнап, күтпеген тосын сый жасады. Отағасының бұл қылығы көпті сүйсінтіп, көрермендер ықыласына ие болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 

Арман Қоңырбаев «Сенің күлкің» атты су жаңа әнінің тұсауын өз әйелі жүргізетін бағдарлама барысында кесуді ұйғарған.

Әнші «Qalayym live» жобасының тікелей эфирі кезінде сүйіктісіне әнімен сезім білдірген.

Қос ғашықтың бір-біріне жараса билегені жоба қатысушыларымен қатар барша көрермен қауымды тәнті еткен.

«Керемет көрініс, жарайсыздар» , «Қандай жарасымды, бақытты болыңыздар» , «Жүкті жарының көңілін осылай көтеру керек» , «Әдемі жұпсыздар, көз тимесін» , «Тамаша, махаббатыр шынайы екені көрініп-ақ тұр» , — деп жазуда көпшілік.

Эстрада жұлдызы өз әйеліне ән арнаған сәтін Instagram парақшасында бөліскен.

 
  

[:]