Біз сіздерге бір емес, бірнеше рет шағымдандық қой. Ол үйінің терезесіне түсініксіз плакаттар іліп, оқ атып жүрді емес пе?

Алматыда “Бұқар Жырау Тауэрc” кешенінің тұрғыны Айжан Мұхамедиева атыс ұйымдастырған көршілеріне бұрын-соңды шағымданғандарын айтты. Сөзінше, марқұм бұған дейін де біртүрлі қылықтар танытып, аспанға оқ атқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Айжан Мұхамедиева Instagram-дағы парақшасында жазды. Сөзінше, жергілікті тұрғындар бұған дейін дөрекі көршілері туралы пәтер иелерінің кооперативіне (КСК) шағымданған. 

“Оқиға туралы естіген бір бөлек, оқтың дауысын естіп, не болғанын көзбен көру мүлдем басқа. Сіздер қалайша бұған жол беріп отырсыздар? Біз сіздерге бір емес, бірнеше рет шағымдандық қой. Ол үйінің терезесіне түсініксіз плакаттар іліп, оқ атып жүрді емес пе? Тұрғындардың мессенджердегі тобына да біртүрлі хабарламалар жазатын, ал сіздер оның жай ғана чаттан шығара салдыңыздар. Сол кездің өзінде оның жүйкесі сыр беріп жүргені байқалды. Ал пәтер иелерінің кооперативі бұған үн қатқан жоқ, саусақтарыңызды да қимылдатпадыңыздар. Енді, міне, адам өз өзіне қол салуына мәжбүр болды”, – деп жазады желі қолданушысы. 

Бұған қоса, ол тұрғындар кооперативін бұл жағдайға көз жұма қарады деп сөкті. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда ер азамат мылтықпен күзетшіге оқ атқаны айтылған еді. 

Рубрика: