АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Теміржолшылар өздеріне шабуылдаған қасқырлардан қалай аман қалды[:]

[:kz]

Ақмола облысында теміржол қызметкерлері жұмыс уақытында шабуыл жасаған қасқырлардан әрең қашып құтылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр, pixabay.com

Фото: видеодан кадр, pixabay.com

Үш теміржол жөндеушілер қос рельстің арасын қардан тазартып жүрген.

Осы уақытта олардың біреуі жортып келе жатқан түз тағысын байқапты.

Жұмысшылар алғашында «ауыл иттері» деп ойлағандарын да жасырмады.

Содан үш теміржол қызметкері өздеріне тап берген сегіз қасқырдан қашып, жақын маңдағы орманға қарай бет алған. Онда ағаштың басына шығып, көрші станциядан көмек сұрапты.

Суыт хабарды естіген Ақкөл станциясының мамандары теміржолшыларды құтқарып қалған.

Дереккөз: КТК телеарнасы

 
 

[:]