Бірақ, сақтық үшін ойынға жанкүйерлер келмеген. Сөйтіп, трибуна бос тұрды.

COVID-19 футболға кедергі емес. Пандемияға байланысты әлем бойынша спорттық іс-шаралар кейінге шегеріліп жатқанда, сенбі күні Тәжікстан астанасы Душанбеде футболдан Суперкубок ойыны өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл елде коронавирус жоқ. Бірақ, сақтық үшін ойынға жанкүйерлер келмеген. Сөйтіп, трибуна бос тұрды. Ал алаңға шыққан «Истиклол» және «Худжанд» командаларының ойыны 2:1 есебімен аяқталды.

Кеше футболдан ел чемпионаты басталып, оны көрермендер теледидар арқылы тамашалады. Айта кетсек, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Тәжікстанда әлі бірде-бір жанның індет жұқтырмағанын растаған болатын.

«Қарсыластарға көрермендердің жоқтығы аса қатты әсер етпеген секілді. Олар ойынның екінші жартысын қорғанумен өткізді. Ал бұл үшін жанкүйерлер қажет емес. Бізге жанкүйерлердің эмоционалды күші жетіспеді. Дегенмен, жақын арада олармен жүздесеміз деп ойлаймын.

Өйткені, Тәжікстанда коронавирус жоқ. Сондықтан мамыр айында жанкүйерлер стадионға келіп, бізбен бірге қуанады деп сенеміз», – дейді «Истиклол» ФК бас жаттықтырушысы Виталий Левченко.

Рубрика: