24 июля, 2019 Comments Off on Тауық жегені үшін итті балалардың көзінше белтемірге байлап қойған ер адамға жаза қолданылады

Тауық жегені үшін итті балалардың көзінше белтемірге байлап қойған ер адамға жаза қолданылады

Итті тауық жегені үшін ауласындағы белтемірге асқан қазақстандық азамат бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК"арнасына сілтеме жасап. 

Желіде балалардың көзінше өз итін аулаға іліп қойған ер адамның видеосы желдей есіп, қызу талқыға түсті. Полиция қызметкерлері видеоны мұқият зерттеді. 

Таңертең әлгі ер адамның көршілері біреудің шуылдағанын естіп, абдырап қалған. Сыртқа шыққанда белтемірге байланған итті көріпті. Олар иттің иесінен жануарды босатуды сұрады, бірақ ер адам көршілерінен жеке ісіне араласпауын талап етеді. Иттің иесі оны тауықтарды тұншықтырғаны үшін жазалаған екен. Ер адам өз кінәсін мойындамайды және итті басқа жануардарды ұрғандай ұруға болатынын алға тартады. Оның пікірімен келіспеген полиция қызметкерлері бұл жағдайға қатысты "Жануарларға қатыгездік таныту" бабы бойынша іс қозғады. 

Загрузка...

Комментирование закрыто.