АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Тәттіні жақсы көреді»: Тосапты армансыз жеген сәби желіде хит болды (видео)[:]

[:kz]

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде тосапты армансыз жеген сәбидің видеосы тарап жатыр. Көпшілік қылығы тәтті балақайдың әрекетіне сүйсіне қарауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 
Фото: Видеодан кадрлар

Фото: Видеодан кадрлар

 

Бейнежазбадан жерде отырған балақайдың тосапты төгіп, рахаттана жеп отырғанын аңғаруға болады. Ол осы кезде келіп қалған анасын тек күлкімен алдап қойған.

Tengrinews.kz бүлдіршіннің анасы Раушан Болатавамен тілдескен. Ол видеода сәби алты айлық болғанын, ал қазір бір жастан асқанына айтқан.

«Мен өз жұмыстарыммен жүргенмін. Ол тынышталып қалды. Не болғанын көру үшін барсам, осылай отыр. Құтыны аударып алыпты. Тосап жеп жатыр. Құты төменгі сөреде тұрған. Ал ол жақсы еңбектейтін. Өзі әрдайым осылай күледі», — дейді анасы.

Раушан видеоны әкесі мен туыстарына арнап түсірген.

«Біз оған әбден күлдік. Видео күтпеген жерден желіде тарап кетті. Ол өзі назар аудартқанды және тәттіні жақсы көреді. Мұндай видеолары көп», — дейді Раушан Болатава.

 
 

[:]