Тараз маңындағы жарылыстың орнының фотолары пайда болды. Taraz_v_obektive желі парақшасында жарылыстың видеолары мен оқиға орнының суреттері жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәліметтер бойынша, ТЖ кезінде Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери қоймаларда 12 адам қаза тауып, 98 адам зардап шеккен. Тағы бірнеше адам байланысқа шықпаған. Із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жалғасуда.

Еске салсақ, Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 100-ге жуықтағы. Апаттың себебінен 12 адам көз жұмды.

Рубрика: