АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Таразда баласының балабақшада оңбай таяқ жегенін айтқан әйелдің басы дауға қалды[:]

[:kz]

Тараз балабақшасында баласының тәрбиешіден оңбай таяқ жегенін айтқан ананың өзі айыпталуда. Осылайша, балабақша меңгерушісіне қыруар ақша беруге міндеттелген әйел өзінің аяқ астынан кінәлі боп шыға келгеніне ашынады.

Әйелдің баласы өткен жылдың маусым айында тәрбиешіден таяқ жеген. Дауға ұласқан істің ақыры анасының өзінің айыпталуымен аяқталыпты. Оқиғадан соң балабақшаға ақшасын алуға барған әйел жанжалдың ортасында қалғанын айтады, деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz.

Адинаның айтуынша, ол қалған қаржысын сұрау үшін барып, қарсылыққа тап болған. Меңгеруші айыбын білудің орнына, айбат шегіп, айқайға басты, дейді. Сол кезде қос тарап бір-біріне дауыс көтеріп, ұрысқан. Алайда артынша меңгеруші қабырғасының сынып, соққыға жығылғанын айтып, сотқа жүгінген көрінеді. Осыдан кейін сәбидің анасы 2 млн-ға жуық қаржы төлеуге міндеттеліпті. Бұған ашынған ана аппеляциялық шағым түсіргенімен, істің өзгергені шамалы, дейді.

«Қазір сома аздап азайтылды, бірақ көп емес. Қазір 4 балам бар. Балам балабақшада таяқ жеді. Ешқандай заңсыз әрекет жасаған жоқпын, қолымның ұшын да тигізген жоқпын», – дейді Адина Мірқалықова.

Басы дауға қалған ана судья істі әділетсіз қарады деп айыптап отыр. Өйткені оқиғаға мүлде қатысы жоқ адамдар куәлік етіпті. Ал айғақ зат ретінде ұсынылған бейнетаспаны ешкім елемепті. 7 айға созылған сот процесіне балабақша меңгерушісі екі-ақ рет қатыстқан. Ол бұл жайтқа қатысты пікір білдіргісі келмеді.

Ал қалалық білім бөлімі бұл жайтқа бас ауыртқысы жоқ.

«Біз оған ешқандай ықпал ете алмаймыз. Себебі Кәсіпкерлік кодекстің 18-бабында біздің оларға кіруге құқығымыз жоқ екені көрсетіліп тұр», – дейді қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі бөлім әдіскері Гүлфайруз Естаева.

Адина Мірқалықова енді Жоғары соттан әділдік іздеуге бел буып отыр.

Источник: Stan.kz

[:]