Әнші Тамара Асар тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Stan.kz.

Қуанышты хабарды әншінің құрбысы, дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева жеткізді. 

“Ақ Томидің маған ақ ниетпен жайған дастарқанында. Тамара Құдай қосқан жездеммен қоса ағарып, 

 

Ақ Қамбардың артынан көп Қамбарлар ере берсін. 

Байлығы Қожаназар атасындай жеті атасынан арылмаған Ақ Томиыма, ақ тілектеріңді жазып отырыңдар! 

Ешқашанда байлығын көрсетіп мақтанбайтын, жеке өмірін көрсетіп шаттанбайтын, бойға жиған қазынасын керек жерде төгетін, “Құдай көтере білгенге береді” деген тәмсілді әрқашан еске алдыратын – Ақ Тамарам, городок! Тфә-тфә, көз тимесін!”, – деп жазды ол. 

Ал Тамара Асардың өзі әлеуметтік желіде ешқандай сыр білдірмеген. 

Айта кетейік, Тамара Асардың бірінші некесінен Қамбар атты ер жеткен ұлы бар. 

Рубрика: