АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Талибандар түскі асты дәмді әзірлей алмаған әйелді тірідей өртеп жіберген[:]

[:kz]

«Талибан» қозғалысының содырлары (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Ауғанстанның солтүстік аймағында «түскі асты дәмсіз жасады» деген айыппен жас келіншекті тірідей өртеп жіберген.

Бұл туралы Sky News эфирінде құқық қорғаушы, бұрынғы судья Наджла Аюби айтты деп хабарлайды Lenta.ru.

Аюбидің айтуынша, жас келіншек содырларға тамақ дайындауға мәжбүр болған, бірақ оның аспаздық шеберлігі «тәліптерге» ұнамапты.

Жәбірленушіге «нашар тамақ жасады» деп айып тағылып, нәтижесінде әйелді тірідей өрттеп жіберген.

Америка Құрама Штаттарына қашып кеткен құқық қорғаушы қазіргі уақытта Ауғанстандағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен өлтіру деректерін жинап, жариялаумен айналысып жүр.

Сонымен қатар Наджла Аюби «тәліптердің» әйелдерді секс-құлдыққа алып кетіп жатқанын жеткізген. Содырлар қыз-келіншектерді Ауғанстанға көршілес елдерге сатып жатыр, дейді ол. Айта кетейік, Ауғанстандағы жағдай АҚШ әскерінің елден шығарылуымен күрделене түсті. «Талибан» жауынгерлері ашық шабуылға шығып, қысқа уақыт ішінде мемлекет аумағының көп бөлігін бақылауға алды.

kaz.nur.kz

 

[:]