АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Талдықорғанда такси жүргізушісі әріптесін қылқындырып есінен тандырды(видео)[:]

[:kz]

Алматы облысындағы жолдардың бірінде такси жүргізушілері төбелесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Инстаграмда төбелестің видеосы жарияланды. Онда бір адамның екіншісін қылқындырғаны көрінеді. Видеодан жәбірленушінің есеңгіреп қалғаны байқалады.

 

Облыстық полицияның баспасөз қызметі төбелеске қатысушыларды анықтағанын хабарлады.

«Талдықорған қаласындағы айналма жолда видеоға түсірілген такси жүргізушілері арасындағы оқиға Талдықорған полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта туындаған қақтығыстың себептерін анықтау үшін шаралар қабылдануда», — деп нақтылады ведомствода.

 

[:]