17 мая, 2019 Comments Off on Талдықорғанда балабақша терезесінен құлаған қыз бала есін жиды

Талдықорғанда балабақша терезесінен құлаған қыз бала есін жиды

Талдықорғанда балабақшаның 2-қабатынан құлаған қыз комадан оянды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Талдықорған қаласындағы балалар аудандық ауруханасының басшысы Марат Досқалиевтің айтуынша, дәрігерлердің арқасында құлаған қыз бала комадан оянып, аппараттан ажыратылды. Қазір өз бетімен тыныc алуда.

Еске сала кетсек, Талдықорғандық балабақшада екі жасар қыз екінші қабаттан құлап кетті. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер қыздың жағдайын тұрақты ауыр деп бағалады. Ал облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған. Оқиғаның видеосы жарияланды. Тәрбиешілер қоршауы жоқ екенін біле тұра баланы терезеге шығарған.

 

Stan.kz


Загрузка...

Комментирование закрыто.