Күдіктілердің бірі әйел адам – базарда сатушы, екіншісі таксист екен.

Талдықорғанның екі тұрғыны мектеп оқушысының өлтірілгені мен бала ұрлау туралы жалған хабар таратқаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамыр айының басында WhatsApp-та бала ұрлау және Талдықорған сыртындағы көпірлердің бірінде оқушы баланың мәйіті табылғаны туралы аудиохабар тараған болатын. Қолдан-қолға тез тараған ақпарат облыс орталығы мен сол маңайдағы ауылдарда дүрбелең туғызды. Тексеру жүргізген полиция ақпараттың жалған екенін анықтады.

– Талдықорғанның жанындағы көпірлер Көксу және Ескелді аудандарының аумағында орналасқан. Полицейлер ол жерлерді тексеріп, ақпаратты жоққа шығарды. Көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Полиция WhatsApp-тағы ондаған топтарды тексеріп, 50-ден астам адамнан сұрастыра келе екі күдіктінің ізіне түсті – жастағы ер адам мен 52 жастағы әйел адам. Олар полицияға жеткізілді.

– Ұсталған екі кісі Талдықорған тұрғындары, бірі-бірі танымайды. Әйел адам қаладағы базарлардың біріне сатушы, ер адам жеке көлігімен жолаушы таситын таксист. Екеуі де WhatsApp-тағы топтарда жалған ақпарат таратқанын мойындап отыр. Күдіктілер азаматтардан кешірім сұрады, – деп атап өтті полиция.

zakon.kz

Рубрика: