АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тағы бір келін терезеден кірді (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Жаңа түскен келінді үйге терезеден кіргізу сәті бейнеленген тағы бір видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Ондағы жұрт бұл ырымға қымсынар емес. Тіпті, қуаныштан қол шапалақтап жүр, деп жазды turkystan.kz.

Жас келіннің босағаны есіктен емес, терезеден аттауы желі қолданушыларының ашуын тудырған. Бейнежазбаны «Facebook»-те Ерболсын Батырбекұлы деген азамат жариялады. Видеода той көйлегін киген келіннің арнайы терезенің түбіне қойылған сатыға жақындағанын көруге болады. Артынша орамал таққан екі келіншек қолынан демеп, кілем төселген сатыға шығуына көмектеседі.

Бұл ырымның еліміздің қай өңірінде жасалғаны әзірге белгісіз. Желі қолданушылары көрер көзге оғаш ырым туралы әртүрлі пікір жазуда.

«Бір үйде екі өлім болса ғана бірін есіктен, екіншісін терезеден шығарушы еді, мынадай ырымды алғаш рет көруім», «Бір үйде екі келін бір уақыта түсе, кіші келін терезеден кіреді», Бұл қайдан шыққан ырым? Ата-бабамыз киіз үйде тұрғанда келінді осылай кіргізіп пе?», «Ойына келгенді жасайтын болды. Бұл халық қуды», – деген жазбаларын қалдырған оқырмандар.

[:]