АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Сыртымнан сынап, қаралап жатқан ағайынға Алла сабыр берсін» — Ернар Айдар (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Әнші енді ғана телефонға қолы жеткенін айтып, өзі үшін уайымдап, қолдау көрсетіп, тілекші болып жатқан жұртқа алғысын білдірді.

Заңсыз ұтыс ойынын ұйымдастырды деген күдікке ілінген әнші Ернар Айдар Instagram-дағы парақшасында алаяқтарға алданып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ға сітеме жасағанSkifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші енді ғана телефонға қолы жеткенін айтып, өзі үшін уайымдап, қолдау көрсетіп, тілекші болып жатқан жұртқа алғысын білдірді.  

«Және осы істің ақ-қарасын ажыратпай, сыртымнан сынап, қаралап жатқан ағайынға Алла сабыр берсін. Ұтыс ойынын ұйымдастырушылардың барлығы қамауға алынды. Қазір Алматы қаласы экономикалық тергеу департаменті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», — дейді Ернар Айдар.

Ол тергеудің әділ өтуіне өзі де көмек беріп жатқанын атап өтті.

«Сол тірлікке жарнама жасаймын деп мен де алданып қалдым, ағайын. Баршаңызға жақсылық тілеймін, барлығы әділ өтеді деген сенімдемін», — деп түйіндеді әнші.

 

[:]