АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Сұлу болмағаным үшін сабайтын»: күйеуінен теперіш көрген келіншек 2 баласымен қашып кеткен[:]

[:kz]

25 жастағы Бақтыгүл 2 баласымен Тоқтағұлдан Бішкекке қашып келген. Күйеуінің теперіш көрген әйел одан құтылғанша асығыпты, деп жазады Kaktus.media. ға сілтеме жасаған Алаш Айнасы

Бақтыгүл жетім өскен. Қарайласатын туысы жоқ. Ол күйеуінің басынып, таяқ астына алатынын ешкімі жоқ болғанынан көреді.

«Ол жұрт не айтса соған сеніп қалады. Достары оған күліп, келіншегің әдемі емес деген. Сол үшін үйге кеп мені сабайтын үнемі», — дейді Бақтыгүл.

Келіншектің үлкен ұлы 4 жаста, кішітқызы 6 айлық. Қазір Бақтыгүл ауылдасының үйін паналап жүр.

«Добрые руки» фондының директоры Фазил Бақтыгүлге азық-түлікпен көмектесіпті.

Балаларының да келіншектің де киер киімі жоқ. Қайырымды жандардың көмегіне зәру.

 

 

Алаш Айнасы

[:]