АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сұйық сабын, тұз, ақша керек болған: Павлодар тұрғыны 848 мың теңгеге «көз тиюден емделді»[:]

[:kz]

89 жастағы зейнеткер теледидардан аурудан жазылуға көмектесетін адамдардың хабарландыруын көріп, опық жеп қалған. Бұл туралы Павлодар облысының полиция департаментіне сілтеме жасап, Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мойны ауырған Павлодар тұрғыны теледидардан «Көз тиюден құтыл» деген хабарламаны көріп, көрсетілген нөмірге хабарласқан. Телефоннан оған кездесетін уақыт пен жерді айтқан. Ол Галина және Мария есімді екі әйелмен кездескен. Екеуі зейнеткерді сөздеріне сендіру мақсатында емдеп жазған адамдарының суреттерін көрсеткен. 

Марияның сөзінше, көз тиюден құтылып, емделу үшін сұйық сабын, тұз, құлып және ақша керек екен. Ер адам оның осы айтқандарына сеніп келесі күні жоғарыда аталған заттарды және 848 мың теңгені алып келген. Мария атаны көз тиюден емдедім деумен, алдап кеткен. 

Арада уақыт өткеннен кейін атаның мойны қайтадан ауыра бастайды. Ол полицияның көмегіне жүгінуді жөн көреді. 

Сол күні полицияға 28 жастағы Ақсу тұрғынына шағымданып, 52 жастағы әйел келеді. Ер адам 6 маусым күні әйелді алдап, 140 мың теңгесін алып қойған. 

«Екі жағдайда алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары, тергеу әрекеттері, жедел іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады полиция қызметкерлері. 

Полицияның мәліметінше, алты айдың ішінде аймақта 515 алаяқтық фактісі тіркелген. 

[:]