АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сүйіктісін іздегенге есік ашық: Аша Матай әкесін үйлендіре алмай жүрген жігітті «Қалаулымға» шақырды (видео)[:]

[:kz]

 

Атышулы «Қалаулым» бағдарламасының жүргізушісі Аша Матай әкесін үйлендіргісі келген жігіттің өтінішін қабылдап, шоулың қатысушысы болуына ұсыныс айтты

Файзулла есімді жігіт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әкесінің «Қалаулым» бағдарламасын тамашалап жатқан видеосымен бөлісті. Бейнежазбаның астына ол Аша Матайға әкесінің шаңырақ көтергенін қалайтыны туралы айтып, жазба қалдырыпты.

Бұны байқаған тележүргізуші өз жазбасында азаматтың өтінішін қабылдағанын айтып, әкесі мен ұлын «Қалаулымға» шақырыпты.

Ол махаббатын іздеген адамдарға бағдарлама есігі әрдайым ашық екенін де айтқан.

 
 

«Әкеңіз екеуiңізді бағдарламамыздың құрметті қонағы болып, тікелей эфирді студиядан тамашалауға шақырамын. Нағашыбай аға қаламын, қатысушы боламын деп жатса, оны да қарастырамыз», — деген ол өз жазбасында.

[:]