АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сүйген жарым мәңгілік сағынышым болып жүрегімнің түбінде қалады[:]

[:kz]

Сәлеметсіздер ме әпкелер мен сіңілдер және оқырман қауым. Менің сіздерден ақыл-кеңес сұрайын деп едім. Өтінемін сөкпей ақылдарыңызды айтыңыздаршы. Мен 2014 жылы тұрмысқа шыққанмын, бақытты едім бірақ Аллам ол бақытымды ұзақға сүйіндірмеді. Тұрмысқа шыққан сон 4 айдан кейін арқа сүйер азаматым жол апатынан өмірден озды. Күйеуім өмірден озғанда мен баламызға жүкті едім. Балам 3 айлық кезінде әкесіз қалды.

Қатты қиналдым, жыладым, 6 жыл қыз жігіт болып жүрген кездерімді еш ұмытпадым. Өте ауыр болды оның қазасын көтеру. Мамам (енем) екеуміз де қайғыдан қан жұтып есімізді әзер жинадық. Балам үшін ерік жігерімді жинадым. Солай толғағымд а келіп аман-есен босандым.

Ұлым әкесінен аумайды, қайғымыз сәл де болсын жеңілдегендей болды. Маматайым екеуміз қатты қуандық. Босанғасында қайын жұртыма бардым. Енемді жалғыз қалдырғым келмеді. Аллаға шүкір мамамның да жүзіне күлкі үйірілді.

Сүйген жарым мәңгілік сағынышым болып жүрегімнің түбінде қалады. Қатты сағынамын оны орнын ешкім баса алмайды. Жаны жаннатта болғай асыл жарымның Ин Ша Аллах. Бүгінде баламыз өсіп келеді. Қылықтары тәтті құлынымның. Өзім мемлекеттік жұмыстамын. Ендігі мәселем өзімнің мамам да, енем де қайын апкемдер, ағамдар менің басқа адамға тұрмысқа шыққанымды қалайды. Менің бақытты болғанымды көргілері келеді.

Не істесем екен? Қалай ойлайсыздар? Әлі күнге дейін қайын жұртымдамын. Мамам (енем) жассың қыдыр жұмыс үй демей төркініңе бара ғой дейді. Ал мен мамамды қалдырғым келмейді. Қайын әпкем қолқалап бір жігітбен таныстырды, ол үйленбеген маған сені сүйемін мүмкіндік берші деп мазалап жүр. Ұзақ болса кешірім сұраймын. Ақылдарыңызды айтсаңыздар екен әпкелер. Жасым 24-те. Аллах тағалам барлықтарыңыздың отбасыларыңызды бақыттан айырмасын. Балапандарыңыздың дені сау болсын. Рахмет алдын ала.

Аноним  

alashainasy.kz

[:]