АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сүйем, күйем дегендерге тез сеніп қала беремін[:]

[:kz]

Сәлематсіздер ме! Есімім жасырын болсыншы. Мен бар сырымды, мұңымды ақтарғым-ақ келеді, бірақ ешкім түсінбей медеп қорқам.  Менің жаман бір қасиетім бар. Адамдарға сеніп қала беремін, өзіме сәд жақын тартқан адамды жақсы көріп қала беремін. Бір рет куйген адам үрлеп ішеді дейді ғой. Мен де ондай сезім дым жоқ. Каншама рет мені жақсы көретін адамым сатып кетті, сонда да дым болмағандай жүре беремін. Өте сенгішпін.

Суйемін,  куйемін, аспандағы айды әперем деген  әңгімеге неге сеніп қала беретіпеімді өзім де түсінюеймін. Мені жақсы көретін адамды бағаламаймын,ал мен жақсы көретін адам үшін бәріне барамын. Осылай жаман болып кеткенмін. Өзімнен 9-10 жас үлкен  жігіттермен сөйлесемін, ерсі көрінеді, әрине.

Кейінгі кезде себепсіз жылайтын болыппын. Кейде есім ауысайын деді ме деп шошып қаламын өзімнен. Ішімде сақталып жатқан қаншама сырлар бар. Біреуін айтсам, біреуін айтпаймын. Егер сол сырдың барлығын дым қалдырмай осында жайсам, мені көргенсіз дерсіздер. Психологқа да бара алмаймын, өйткені сенбеймін психологқа. Не істерімді білмеймін. Өзімнің не үшін өмір сүріп жүргенімді түсінгім келеді.

 

alashainasy.kz

[:]