11 июля, 2019 Comments Off on Суханбердиева сот залынан босап шыққан соң қымбат көлікпен кетті (видео)

Суханбердиева сот залынан босап шыққан соң қымбат көлікпен кетті (видео)

Бұрынғы білім және ғалым вице-министрі Эльмира Суханбердиева сот залынан босап шыққан соң Lexus жол талғамайтын көлігімен кетті. Аталған сәттін видеосы "strashniyzhuz" Telegram-арнасында пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
Видеодан кадр

Видеодан кадр

Видео кадрынан Суханбердиеваның сот залынан шыққанын, сол уақытта бұрынғы вице-министрге журналистердің сұрақ жаудырғанын байқауға болады.

Сондай-ақ, роликте әйел адамның Lexus LX 570 жол талғамайтын көлігіне отырып, кетіп қалғаны көрінеді.

Айта кетейік, бұрынғы вице-министр 6 маусым күні тұтқынға алынған болатын.

Экс-мемлекеттік қызметкер пара алғаны және қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін Қылмыстық кодекстің 361, 364 және 366 баптары бойынша айыпталды.

Суханбердиева сот алдында кінәсін толығымен мойындады.

Сонымен қатар, сотталушылар қатарында шенеуніктің жақын құрбысы Елена Шеверняева да бар болып шықты.

Прокурор Сұханбердиева мен Шеверняева арасында өзара қылмыстық келісім болғанын мәлімдеді.

Сот бұрынғы вице-министрге алты млн теңге айыппұл салды. Суханбердиева Жоғарға сотқа жүгінетінін мәлімдеді.

  
Загрузка...

Комментирование закрыто.