АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Су да ішпейміз, тамақ та ішпейміз»: Елордада бір топ ана үнсіз аштық жариялады[:]

[:kz]

 

Кеше Нұр-Сұлтанда бір топ ана үнсіз аштық жариялады. Митинг жасаған жоқ, айғайлап-шуламады. Наразы топ плакаттарын ұстап еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ғимаратының алдына жиналды, деп хабарлайды Stan.kz апарат агенттігі

«Бұған дейін талай мәрте проблемамызды дауыстап айтып едік, мәселемізді сол күйі жоғары жақ естімеді», — деді шарасыз күйге түскен аналар.

 

Кеше күндізгі сағат 11:00-де жиналған аналар плакаттарға өз талаптарын жазып әкелген: «Әрбір балаға 21 мың теңгеден жәрдемақы», «Міндетті вацинаға қарсымыз», «2 пайыз бастапқы жарнамен ипатекаға үй берілсін», «Мұқтаж халықтың кредиті кешірілсін». Олар ғимарат алдында қонуды жоспарлаған.

«Су да ішпейміз, тамақ та ішпейміз. Осында отырамыз. Ешқандай депутат, ешқандай адамдар алдымызға шығып отырған жоқ, тек қана міне полиция мен ҰҚҚ», — деді аштық жариялағын Жанна Ізмұқанқызы.

Аштық жариялаған аналармен сөйлесуге түске дейін әкімдік өкілдері ғана келген. Оның өзінде «наразылыққа келісімсіз шыққандарыңыз үшін жауапқа тартыласыздар» деп қорқытқандай болды. 

«Сіздердің бүгінгі істеп отырған жиналыстарыңыз — тәртіп бұзушылық. Сондықтан, ескертеміз, қылмыстық немесе әкімгершілік жауапқа тартыласыздар», — деді Есіл аудандық әкімдіктің бас маманы Мұрат Шәмшиев.

Қала әкімдігінің өкілдері аналарды райынан қайтарып, әлеуметтік көмек орталығына барып мәселені шешу ұсынылды. Тіпті, арнайы автобусты да әкелді. Алайда олар «орнымыздан қозғалмаймыз» деп кесіп айтты.

«Бізді естімейінше, осылай баспалдақтың үстіне ертеңге дейін қонамыз», — деді олар.

Ал әкім кеңесшісі аштық жариялаған әйелдерді жеке-жеке танитынын айтты.

«10 рет, 15 рет, 20-30 рет деп айтуға болады. Әрқайсысымен жеке-жеке кездескенбіз. Барлығын шешуге тырыстық. Бәрін шештік те. Әрқайсысымен жеке-жеке жұмыс жасаймыз. Барлығын түсіндірдік», — деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Дәурен Бабамұратов.

Мәселенің қалай шешілетіні енді белгілі болады.

 

[:]