Соткіде бастарың қалсын, бастарың қалғырлар! Жас келіншектерге айтам да… Бір жас келіншек емшектегі баласын төсектен құлатып алды. Соткі қарап отырып! Үйде де емес, ауруханада жатып! Ана бала шырқырағанда… Балаң ауырып жатқанда соткіде әкеңнің басы бар ма?! Деп айтатын адам жоқ пыросты. Жалпы бәрінің ауруы екен осы телефон деген пәле. Балаға мән беріп қарап, оған әлденені тәптіштеп түсіндіріп, оны бір ерекше мейіріммен еркелетіп жатқан жастарды сирек көресің. Оған баласынан гөрі телефонның ішіндегі өмір қымбат. Дүниенің бар қызығы соның ішіне кіріп алса қайтесің енді?! Күні -түні соткімен сөйлеседі де жатады (о неғылған бітпейтін әңгіме екенін…) не шұқшиып үңіледі де отырады. Балаларды құдай қарап жатыр шынын айтқанда. Аулада да солай. Баламен бірге шықты деген аты ғана. Әйтпесе, баланы жіберіп қояды да соткі шұқылап отырғандары сол. Мүттәйімдер! Бала өзі бала болмайды! Ертең осының зардабын тартасыңдар әлі!

facebook.com

alashainasy.kz/

Рубрика: