АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Солтүстік Қазақстанда жетім баланы тұрғын үй кезегінде соңғы орынға түсіріп тастаған[:]

[:kz]

 

Петропавлда жетім бала баспана ала алмай жүр. Артем Назаренко үй кезегінде бірінші болғанын айтады. Бірақ кенеттен тізімнің соңына түсіп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Жігіттің айтуынша, ол балалар үйіне тоғыз жасында келген. Әкесі мен анасы маскүнемдікке салынғаны үшін ата-ана болу құқығынан айырылады. Оны бірден шаршы метрге кезекте тұрғандар тізіміне енгізу керек болған. Алайда олай болмапты.

 

Мен балалар үйіне 2008 жылы келдім. Бірақ мені бірден тұрғын үй алу кезегіне жібермеді. Тек 2,5 жылдан кейін ғана тізімге енгізді. Булаевода 8 жыл бойы тұрғын үй алу кезегінде тұрдым. Осы жылдар ішінде тізім 12 адамға ғана алға жылжыған. 

Жақсы өмір іздеп Артем отбасымен Булаеводан Петропавлға көшіп кеткен. Кейіннен жігіт кезекте 56-шы орында тұрған. Алайда жігіт өзін күтпеген жерден 1823 орынға дейін төмен түсіріп тастағанын байқайды.

“Біз әкімдікке барып соңғы тұрғанымызды айтқанда кезек артымызда сақталып тұр деп ойладық. 56 орыннан 1823-ке бірақ түсіппіз. Екі жыл кезекте тұрғанда тек 48 орын ғана жылжыған. Сонда біз қанша жасымызда үйді алмақпыз. Балаларымыз үйленіп, балалы болғанда аламыз ба? Оған дейін тағы үйді жалға алып тұрумыз керек”,- дейді Артемнің әйелі Ольга Назаренко. 

Біраз уақыттан кейін ерлі-зайыптыларға Артемнің тұрғын үй кезегінен алынып тасталғаны туралы SMS келген.

Содан кейін шенеуніктер жігітке бағдарламада ақаулар болғанын түсіндірген. 

“Биыл күйеуімнің кезектен шығарылғаны туралы СМС келді. Біз әкімдікке барып сұрадық, “иә, ол бағдарламадан кеткен қателік” деді. Егер біз ол туралы барып білмесек қалай болады? Кезектен дым болмағандай алып тастап, біз оны дәлелдей алмай жүретін едік”,- дейді Ольга.

Қалалық әкімдік, Артем Назаренконың шынымен де кезекте тұрғандар тізімінен соңғы орынға түсірілгенін растады. Олрдың айтуынша, көшкеніне байланысты бұл қалыпты жағдай. Қазір Артем 1633 орында тұр. Әзірге пәтерді қашан ала алатынын нақты айту мүмкін емес.

“Тұрғын үй қатынастары туралы заң бойынша егер адам тұрғылықты жерін өзгертіп, тұрғын үйге кезегінде тұратын тұрса, онда оның кезегі ол басқа жерде кезекке тұрған күннен бастап есептеледі”,- дейді Петропавл қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің баспасөз хатшысы:

Назаренконың отбасына уақытша баспана беруден бас тартылды. Енді отбасы он айлық баласымен бірге Петропавлда жалдамалы пәтерден пәтерге көшіп жүруге мәжбүр. Петропавлда барлығы 15 мың адам пәтер кезегінде тұр. Оның ішінде 1700 жетім бала бар. Өткен жылы осы санаттағы 30 адам ғана пәтер алған. Осы жылдың соңына дейін 125-і жоспарланған.

[:]