АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сочиде сөз сөйлеген Тасмағамбетов Тоқаевтың наградасын Крутойға табыс етті[:]

[:kz]

Иманғали Тасмағамбетов атақты ресейлік композитор Игорь Крутойға «Достық» орденін табыс етті деп жазады «РИА Новости»-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 

ааааа

Иманғали Тасмағамбетов. Фото: Sputnik / Рамиль Ситдиков

 

Кеше, 24 тамыз күні Сочиде 65 жасқа толған Игорь Крутойдың шығармашылық кеші өтті. Иманғали Тасмағамбетов аталмыш шараның құрметті қонақтарының бірі болған.

Қазақ елшісі өз сөзінде ресейлік Халық әртісінің ерекше шығармашылығын Қазақстан өте жақсы көретінін және жоғары бағаланатынын атап өтті.

Тасмағамбетов сол үшін де Игорь Крутойдың Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен II «Достық» орденімен марапатталғанын айтты.

Өз кезегінде композитор бұл жоғары наградаға өз отбасының арқасында ие болғанын алға тартты.

[:]