Сол себепті ол  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына заңды сауал жолдады деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы. .

Сәулет Әбілдаханқызы мешіт қызметкерлерінің іс-әрекеті қаншалықты заңды екенін сұрады. Бұл туралы ол Facebook-тегі жеке  парақшасында  жзады.

“Мешітке кіруге менің киімім… және бұрымым жарамайды екен. Елімізде азаматтың құқығын таптаудың тағы бір көрінісі. Надандықтың шыңы деген де осы… Бұл мешіттің қызметкерлері (охранасы, тағы біреуі, ұстазы) неғып сонша маған агрессивті түрде жиырылды десем… Смановтардың мешіті екен ғой… Мен – бұлар үшін “жын” шығармын.

Бұлар мен үшін “жын” шығар. Әйтеуір ә дегеннен екіжақты “тебіліс” реакциясы жүрді… Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Бас имам мырза, бұл мешіттегілер менің киімімді жарамайды деп, әркім киген халатты кимесең кірмейсің деп кіргізбей қойғаны қаншалықты заңды??? Сіздер Құдайды мешіттен іздейсіздер.

Мен де іздеп көрдім, таппадым. Өз Құдайым өзімде. Бизнес-мешітте емес. Менен ашық-шашық киім немесе мини-юбка немесе тырысқан киім көріп тұрсыздар ма? Әлде жалаңбаспын ба? – деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы. 

Караван жаңалықтары – https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

Рубрика: