АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]Словакияны жеңген қазақстандық футболшылардың жеңісті тойлаған сәті желіні жарды (видео) [:]

[:kz]

Ұлттар лигасында Қазақстан үшінші матчта жеңіске жетті. «Астана Арена» стадионында өткен қарымта кездесуде отандық футболшылар Словакияны қабылдап, 2:1 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Сырт алаңда өткен кездесуде де Қазақстан командасы Словакиядан 1:0 есебімен басым түскен болатын.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от KAZAKHSTAN FOOTBALL FEDERATION (@kff_team)

Бұл жеңіс жанкүйерлерді де, футболшыларды да ерекше қуантып тастады. Қазақстан футбол федерациясының желідегі ресми аккаунты жеңістен кейінгі құрама ойыншыларының қуанышы бейнеленген роликті жария етті. Видеодан футболшылардың киім ауыстыратын бөлмеде жеңісті тойлап, Нұралы Әліптің Қазақстанның көк туын жамылып жүргенін байқауға болады. Сондай-ақ олар бас бапкер мен федерация президенті Әділет Барменқұловты да ерекше құттықтаған. 

 

[:]