АЛТЫНОРДА
Сот ісі

[:kz]«СҚ-Фармацияның» экс-басшысы сотта ақталып шықты[:]

[:kz]

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының судьясы Қанат Дүйсембиев «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты ақтау үкімін шығарды.

«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріп сотта ақталып шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының судьясы Қанат Дүйсембиев «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты ақтау үкімін шығарды.

Айта кетейік, бұған дейін «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріп сотта соңғы сөзін айтқан болатын. Ол бүкіл денсаулық сақтау саласы мен ел үшін өте қиын уақытта жауапкершілікті өз мойнына алып, шешім қабылдағанын және сол үшін 11 жарым айдан аса уақыт бойы тергеу изоляторында отырғанын айтқан еді.

[:]