АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Сіздер отырғанда, балалар зорланып жатыр»: Аружан Саин депутаттарға мәлімдеме жасады[:]

[:kz]

Еліміздің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин депутаттарға еліміздегі балалар үйіне қатысты мәлімдеме жасады. Ол өз мәлімдемесін Facebook желісінде жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мәжіліс депутаттары, сіздердің араңызда парламентте 10 жыл отырғандар бар. Балалар үйі туралы оқып көріңіздерші, онда бізде не болып жатқаны анық жазылған. ВВС-ден оқыңыздар. Сіздер осы орында отырғанда, жүйе балаларды зақымдап, моральдық, сексуалдық тұрғыда зорлап, күш көрсетіп жатыр. Мұның бәрі шындық. Қазақстандағы зардап шеккен балалар туралы қылмыстық істерде, сот шешімдерінде жазылған. Балалар қорғалуы тиіс! Бірінші кезекте, заңмен», — деп жазды Саин.

Оның сөзінше еліміздегі депутаттар арасында балаларды қорғаушылар жоқ. 

«Алматыдағы балалар үйінде балалардың жүйелі түрде зорланып келгеніне қатысты іс жүргізіліп жатқанда, Семейдегі балалар үйінде 23 жыл жұмыс істеген педофилге қорғаншылық жасағандарды жазалуға қатысты іс жүргізілгенде, біз кей депутаттардан көмек сұрадық. Алайда балаларды қорғайтын ешкім табылмады. Есесіне, педофилдерді жақтаушылар табылды», — дейді омбудсмен.

Сонымен қатар ол жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар заңмен қорғалуы керегін атап өтті.
«Сіздер менің шетелдіктердің балаларды асырап алуға қатысты «өз кәсібімді» заңдастыруға тырысып жатқаным туралы жалған ақпарат таратып, халықты алдадық деп ойлайсыздар ма? Көптеген жыл бұрын шетелдіктердің балаларымызды асырап алуын заңдастырып берге өздеріңіз емес пе? Сол заңды қабылдаған да сіздер. Бүгінде шетелдіктер «бәрі қосылған» жүйесі бойынша асырап алғаны үшін 38 500 еуро төлейді. Ал балалардың қазақстандық отбасыларда өмір сүру құқығы, қазақстандық асырап алушыларға көмек туралы заңға жазуды «аңдаусызда ұмытып кеттіңіздер» ме?
Менің өкінетін жалғыз нәрсем – уақыт жоғалтып алғанымыз. Егер көбінің үндемегені, төзімділігіміз болмағанда, біз балалар үйін бұрын-ақ жаба алатын едік. Сол үшін аталған мекемелердегі балалардың алдында ұяламын. Олар бұрыннан-ақ отбасында өмір сүріп, өсіп-жете алар еді», — деп жазды бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

[:]