АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сиви Махмуди күйеуінен айнымай қалған қызын көрсетті (фото)[:]

[:kz]

Отандық танымал әнші Сиви Махмуди өзінен қызы кімге ұқсағанын сұраған көпшілікке жауап берді. Шоу-бизнес жұлдызы үйінің еркесі әкесінен айнымай қалғанын айтып, олардың бірге түскен суретін жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 

Instagram желісінде көптен бері жолдасының суретін салмай кеткен өнер иесі отағасымен қызының фотосын жариялап, елді бір қуантып алды.

Оған қоса, Сиви желі қолданушыларын қызықтырған сауалға да жауап берді. Оқырмандар әншіден қызы кімге көбірек ұқсайтынын білгісі келген.

«Қызым жайлы бәрі сұрап жатыр. «Кімге ұқсаған?» деп сұрақтар жаудыруда. Міне кімге тартқаны. Әкесінің көшірмесі ғой» , — деп жазды Сиви Махмуди.

Желідегілер әкесі мен қызының суретіне тәнті болып, оларға өз жылы лебіздерін жарыса жазған

 
 
 

[:]