АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сібірде жол жөндеушілер жол бойына құм мен адам сүйектерін төсеп тастады[:]

[:kz]

 

13 қарашада Ресейдің Иркутск облысының Киренск қаласында құм себілген жолдан адам сүйектері табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ішкі істер министрлігінің Иркутск облысы бойынша Бас басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Бұған дейін жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілердегі қорқынышты оқиға туралы хабарлады. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары әкімшілік заңнама аясында құмның қайдан шыққандығын анықтауда.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, жол жұмыстарын жүргізген ұйым ескі зираттың қасына құм алған. Жолдан табылған сүйектер мен бас сүйектер 100 жылдан аса уақыт бұрын көмілген сүйектер. Қазір барлық қалдықтар жолдан шығарылды.

[:]