26 марта, 2020 Comments Off on Шымкенттің қай бөлігіне 14 күндік карантин енгізілді

Шымкенттің қай бөлігіне 14 күндік карантин енгізілді

Шымкентте коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Абай ауданында "Тәуелсіздікке 20 жыл" тұрғын үй алабында үйді-үйді аралауды ұйымдастырумен 14 күнге созылатын карантин енгізіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкенттегі тұрғын үй массивіне карантин енгізілді

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Бұл шешім коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында қабылданды.

Сондай-ақ, қала әуежай, теміржол және автостанциялар, балабақшалар жұмысын тоқтатады.

Қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы сағат 18.00-ге дейін шектеледі (сағат 18.00-ден сағат 22.00-ге дейін үйге жеткізумен). Қоғамдық көлік қозғалысы кезең-кезеңмен шектеледі.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің екі ірі қаласы Алматы мен Нұр-Сұлтанда вирустың таралуына жол бермес үшін 19 наурыздан бастап карантин режимі енгізілген.

Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде заңды талаптарды орындамаған азаматтар жауапкершілікке тартылады.

Мәселен санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын орындамағаны (ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі – 500 АЕК-ке дейін айыппұл) және санитариялық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-тің 425-бабы – 5 млн теңгеге дейін айыппұл) әкімшілік жауаптылық белгіленген.

 
Загрузка...

Комментирование закрыто.