АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шымкенттегі өзенде өріп жүрген егеуқұйрықтар жұртты шошытты (видео)[:]

[:kz]

 

Шымкент тұрғыны Қошқар ата өзенінде өріп жүрген егеуқұйрықтарды видеоға түсіріп алған. Ол кеміргіштерден адамдарға қауіпті инфекциялар жұға ма деп алаңдайды.

Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Видео авторы өзеннің егеуқұйрықтар өріп жүрген жеріне жақын маңда шомылатын адамдар үшін уайымдады. Себебі кеміргіштер түрлі инфекцияларды тасымалдауы мүмкін. 

Десе де Шымкентте егеуқұйрықтар мәселесі үлкен проблема тудырып тұрғаны жасырын емес. Маусым айында егеуқұйрықтар қаланың шетінде орналасқан үйлерге шабуылдаған еді. Хабарланғандай, көптеген жекеменшік аула кеміргіштердің індерінің себебінен гольфқа арналған алаңға ұқсап қалған.

Сол кезде ауыл шарушалығы және ветеринария басқармасындағылар кеміргіштермен күресуге қаржы жетіспеушілігі қолбайлау болып отырғанын мәлімдеген-ді. Бір жылға 42 миллион теңге бөлінген екен. Айтуларынша, бұл сома қоқыс полигондары, қоқыс жиналатын жерлер мен өзен сағасына жақын аумақты залалсыздандыруға ғана жетеді

Stan.kz 

[:]