Шымкентте үш жасар бала ойнап жүріп аулада тұрған кір жуғыш машинаға түсіп кетіп, қайта шыға алмай қалған деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

 

Қыркүйектің 16 күні сағат кешкі 18.55-те Асар-2 шағынауданының тұрғыны ТЖД құтқару қызметіне хабарласып, 2016 жылы туған ұлының екі аяғын кір жуғыш машинадан шығара алмай жатқанын айтқан.

Оқиға орнына сағат 19:30 шамасында жеткен құтқарушылар темірді кесетін қайшыларды қолданып баланы шығарып алған.

Үш жасар баланы кір жуғыш машинаның барабанынан шығарып алуға төрт құтқарушы жұмылдырылған.

Құтқарушылар қазір баланың жағдайы жақсы екенін айтты.

 
  

Рубрика: