АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шымкентте өзбек студенттерін соққыға жыққан кім? Жанжалдың мән-жайы белгілі болды[:]

[:kz]

Шымкент қаласындағы аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті студенттерінің арасында шу шықты. Жәй шу емес — төбелес. Алғашында аудитория ішінде шекісіп қалған қазақстандық студент пен өзбекстандық студентті ұстаздар татуластырғандай болыпты. Алайда келесі күні келіспегендердің арасындағы қақтығыс қайта жалғасып, оған қатысқандардың саны да көбейген. Қазір осы жанжалдан жараланғандардың біреуі ауруханада жатыр.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Белгілі болғандай, төбелес 19 қыркүйекте ағылшын тілі сабағы кезінде қазақ және өзбек студенттерінің бір-бірінің тілін түсінбегендігінен басталған. Ол жанжал сол күні екі жақтан түсініктеме алынып, оқу орнында оларды татуластырумен аяқталыпты. Алайда келесі күні кикілжің жалғасып, екі топқа бөлінгендердің жартысы далада, жартысы оқу орнының ішінде жаға жыртысыпты. 

Осыдан жапа шектім деген өзбекстандық студенттің біреуі әлеуметтік желіде жағдайын айтыпты. 

Шымкенттегі Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеттің өкілдері жанжалдың болғанын жоққа шығармады. Олар 50 шақты студенттің төбелескенін растап, күзеттің күшейтілгенін айтты. 

«Сол оқиғадан кейін учаскелік полициядан инспекторлар қойылды, күзет күшейтілді. Мұғалімдер де кезекшілікке қойылды», — дейді университет ректорының орынбасары Нұрбол Әбсеметов.

«Өзбек телеграф» агенттігінің мәліметінше, Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігі Шымкенттегі жағдайды өз бақылауына алған. 

Бейресми ақпарат бойынша, жанжалға қатысқан 25-ке жуық жас ұсталыпты.

Ал полиция департаменті екі студент арасындағы туындаған келіспеушілікке байланысты тергеудің басталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, құзырлы орган студенттер арасында болған жанжал тұрмыстық негізде болғанын айтты. 

Бүгінде төбелестен зардап шеккен бір студент ауруханада жатыр. 

Stan.kz 

[:]