АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шымкентте кейуана далада түнеп жүр[:]

[:kz]

 

Сол жерде жүрген бір қазақтың қаракөз қызының үйіне түнетуге жіберген екен. 

Шымкент қаласында кейуана далада қалған, деп хабарлады paryz.kz

Бұл туралы журналист Ұлықбек Үмбет өзінің facebook парақшасында жазды.

«Құрметті әлеумет, біз Қазақстан деп аталатын бай мемлекетте тұрып жатырмыз. Осындай елде аналар қақаған қыста далада түнеп жүр десе, көпшілік сенбеуі мүмкін. Өкінішке орай, шындық сол. Гүлжаухар Дінәсілова есімді кейуана бүгін бізге хабарласты. Далада тоңып тұрмын деген соң, ол кісі тұрған Қырғы базар төңірегіне бардық» деп жазды ол. 

Сол жерде жүрген бір қазақтың қаракөз қызының үйіне түнетуге жіберген екен.

«Бірақ бір күнге, ертең не болары белгісіз. Таңертең Қаратау ауданы әкімдігіне алып баруға уәде бердік. Мәселе шешілер деген үміттеміз. Көмек қолын созғысы келгендер болса, ол кісіні Қырғы базардың Төле би көшесі жағындағы ет сататын жердегі есіктің жанынан табуға болатынын ескертеміз. Көмек қолын созайық, ағайын», — деп жазды журналист.

 

 

 

[:]