АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шымкентте бос жүрген бұқа автокөлік жүргізушісін сүзіп кетті (видео)[:]

[:kz]

Шымкент қаласында жол бойында автокөлігін жөндеп отырған жүргізушіні бо жүрген бұқа сүзіп кеткен, оқиға қаладағы камералардың біріне түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция бұқаның иесін анықтаған. Ол 42 жастағы оқиға болған Жиделібайсын тұрғыны болып шыққан.

Ол бұқаны мал базарынан сатып алып келе жатқан кезде, бауынан босап кеткенін айтты. 

Бұқаның иесімен профилактикалық сұхбат жүргізілген.

Сонымен қатар, оған қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабының 2-бөлігі (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілеген, жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіруге әкеп соққан ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

 

[:]