АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шымкентте аудан әкімі тұрғындармен бірге орындықты сырлап кетті (фото)[:]

[:kz]

Тұрғындармен бірге ауладағы шатыры бар орындықтарды бояған Шымкенттегі аудан әкімі көпшілікті сүйсінтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Шымкентте аудан әкімі тұрғындармен бірге орындықты сырлап кетті (фото)

Фото: Әл-Фараби ауданының баспасөз қызметі

 

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов әкімдік қызметкерлерімен бірге сенбілік ұйымдастырды.

Сенбілікте тұрғындармен бірге тазалық жұмыстарын жүргізген шенеунік кейбір әріптестері секілді ағаш отырғызумен шектелмей, ауладағы орындықтарды сырлап көзге түсті.

Айта кетейік, бұл күні әкімдік қызметкерлері М.Х.Дулати көшесінде екі көпқабатты тұрғын үй жұртшылығымен тазалық жұмыстарын жүргізді. Ауладағы қураған ағаштар талапқа сай етіп қырқылып, өсік шөптер орылды.

Сонымен қатар, балалар ойын алаңшалары әрленді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сенбілік шарасы алдағы уақытта да тұрақты түрде өтпек.

Яғни, әкімдік қызметкерлері демалыс күндері тұрғындармен бірге тазалық жұмыстарын жалғастырмақ. 

[:]