АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шудағы пойыз апатынан қаза болған жасөспірім мен зардап шеккендердің тізімі жарияланды[:]

[:kz]

Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері 17-маусымда Шу станциясы маңында болған төтенше жағдайдан қаза тапқан жасөспірім мен зардап Шеккендердің аты-жөнін жариялады деп жазады Tengrinews.kz.

«Алдын ала мәлімет бойынша, 2006 жылғы жасөспірім қаза тапты, 14 жолаушы медициналық көмекке жүгінді. Тағы бір зардап шеккен адам Шу қалалық ауруханасының травматология бөліміне жеткізілді, жағдайы тұрақты. 13 адам медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне қайтарылды», — делінген хабарламада

Ведомство мәліметінше, 2006 жылы дүниеге келген Шу қаласының тұрғыны Малинев Григорий Александрович қаза тапты.

Зардап шеккендердің ішінде:

Исламгали Ақерке Бақытқызы (1994жылғы, Балқаш)
Өміржанова Әйгерім Құрманғазықызы (1992, Балқаш)
Даутов Әлішер Кенжеболатұлы (2006, Астана)
Байжанов Альби Махамбетиярұлы (1970, Астана)
Әубәкіров Дидар Ахатұлы (1980, Талдықорған)
Талғат Кәмшат (1987, Есік)
Әрімова Әйгүл (1977, Астана)
Сексенбаев Уәлихан Молдағұлұлы (1978, Тараз)
Воронцова Алина Юрьевна (1982, Шахтинск)
Воронцова Ева Валентиновна (2013, Шахтинск)
Севдеева Наталья Дмитриевна (1975, Шахтинск)
Севдеева Софья Дмитриевна (2008, Шахтинск)
Бозлақов Алмат Жомартұлы (1988, Алматы)
Самат Сұлтанәлі (2017, Есік)

«Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 17-маусымда кешкі уақытта 400-ден аса жолаушы Аламтыға жеткізілді. Оларға Алматы-1 теміржол вокзалында медициналық көмек көрсетілді. Мұның алдында ҚР ИДМ баспасөз қызметі Шу станциясы маңында пойыздың рельстен шығу себептерін тексеретін комиссия құрылғанын хабарлаған.

sn.kz

[:]