Алматы облысының Ұйғыр ауданында жаңадан салынып жатқан нысан опырылып түсті. Оның неден құлағанын арнайы комиссия анықтайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Ұйғыр ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, спорт кешенінің құрылысы “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында 2019 жылдың қараша айында басталған.

“Нысанның құлауына байланысты арнайы комиссия келіп тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Комиссия қорытындысына сәйкес аталған олқылықтар қалпына келтіріледі”, – делінген ведомствоның хабарламасында.

Құрылысына 1,171 миллиард теңге бөлінген нысан 2021 жылдың қаңтар айында толықтай аяқталып, пайдалануға берілу керек болған. 

 

kaz.nur.kz

 

Рубрика: